Персоналды арнайы даярлау


21 ақпан 2020

       Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында 17-20 ақпан аралығында ҚР ҰЯО қызметкерлері үшін «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша оқыту курстары өткізілді.

      Жұмыс аптасы барысында қатысушылар ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасы мәселелерін қарастырды, радиоактивтіліктің негізгі ұғымдарын және иондаушы сәуле шығару түрлерін зерделеді, тіркеу әдістерімен және аспаптарымен (радиометрлер, спектрометрлер, дозиметрлер), сондай-ақ иондаушы сәулелендірудің әсер етуінің биологиялық эффектілері туралы ақпаратпен және кәсіби сәулеленуге жүргізілген бақылау туралы ақпаратпен танысты. Бұдан басқа, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және дезактивация әдістері туралы мәселелер қарастырылды. Практикалық сабақтар персонал мен халықтың ішкі сәулеленуінің дозасын есептеу мен баға беруді, сондай-ақ иондаушы сәулеленуден қорғау қабатын есептеуді қамтыды.

радиоэкология