Жастардың үздік тәлімгері!


22 қыркүйек 2026

Альмира Айдарханованы «Еңбек жолы – 2026» байқауының өңірлік кезеңінде «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жеңіске жетуімен құттықтаймыз!

Альмира Құрманқызы ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімін басқарады.

Тәлімгерлік – бұл тек кәсіби білім мен тәжірибе беру ғана емес, сонымен қатар жас маманға қолдау көрсету, оның қабілетін ашуға көмектесу, өздігінен шешім қабылдауға үйрету және кәсіби жолында сенімді қадам басуына ықпал ету.

Бөлімнің жас қызметкерлері тәжірибелі басшының жанында жұмыс істей отырып, таңдаған мамандығының қыр-сырын тәжірибе жүзінде меңгеріп, осындай мүмкіндіктерге ие болады.

Байқаудағы жеңіс – Альмира Құрманқызының кәсіби тәжірибесінің және Ұлттық ядролық орталықтың жас мамандарын дамытуға қосқан үлесінің әділ бағасы.

Лайықты жеңісіңіз құтты болсын! Жаңа кәсіби жетістік, табысты жобалар мен дарынды шәкірттеріңіздің көп болуына тілектеспіз!

Наставник