15 қыркүйек 2026

Венада өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы өкілдерінің Айдахо ұлттық зертханасының (Idaho National Laboratory, INL, АҚШ) делегациясымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың қазіргі бағыттарын, бірлескен жұмыстың нәтижесін, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
ҚР ҰЯО зерттеу реакторларын жоғары байытылған уран отынынан төмен байытылған уран отынына көшіру бағдарламасы шеңберінде жалғасып жатқан нәтижелі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Аталған жұмыстарды іске асыру қазақстандық және америкалық мамандар арасындағы көпжылдық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Тараптар қол жеткен нәтижені атап өтіп, бірлескен қызметті жалғастыруға, ғылыми-техникалық тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға мүдделі екенін растады.
11 қыркүйек 2026
10 қыркүйек 2026
04 қыркүйек 2026
04 қыркүйек 2026