Италияда ИГР зерттеу реакторының жабдығын сынақтан өткізу сәтті аяқталды


04 маусым 2026

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандары АҚШ Энергетика министрлігінің ұлттық зертханаларындағы әріптестерімен бірлесіп, Италияда өткен L-позиционердің зауыттық қабылдау сынақтарына (Factory Acceptance Test, FAT) қатысты.

Жабдықты Италияның Sideros Engineering компаниясы әзірлеген және ол ИГР зерттеу реакторының жоғары байытылған уран отынын қайта қаптау операцияларын орындауға арналған. Бұл кезең ядролық материалдардың таралу қаупін азайтуға және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған отынды сұйылту технологиясының негізгі элементтерінің бірі болып саналады.

Сынақ барысында жабдықтың техникалық сипаттамалары, функционалдық мүмкіндіктері және белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді. Жүргізілген сынақтардың нәтижесі бойынша L-позиционер өзінің әрі қарай пайдалануға толық дайын екендігін көрсетті.

Жақын арада жабдық Қазақстанға жеткізіліп, мамандар монтаждау, іске қосу-баптау және пайдалануға беру жұмыстарын жүргізбек, сондай-ақ жоба шеңберінде әрі қарай жұмыс істеу үшін операторларды оқытпақ.
 

ИГР Министерство энергетики США поддержка режима нераспространения