Биодозиметрия саласындағы заманауи тәсілдер: МАГАТЭ жобасы аясында тәжірибе алмасу


29 мамыр 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы биологиялық дозиметрия саласындағы халықаралық практикаларды зерделеу және енгізу жұмысын жалғастырып келеді.

МАГАТЭ-нің техникалық ынтымақтастық жобасы шеңберінде Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бейінді мекемелеріне сараптамалық ғылыми сапар ұйымдастырылды. Осы мекемелердің негізінде ұлттық биодозиметрия зертханалары жұмыс істейді.


Кореялық және қытайлық әріптестердің тәжірибесін зерделеу Қазақстанның радиациялық қауіпсіздік жүйесін ғылыми, әдістемелік және зертханалық тұрғыдан дамыту, сондай-ақ радиациялық қауіп-қатерді басқарудың тиімді модельдерін ұлттық және өңірлік деңгейде бейімдеу үшін маңызды мәнге ие.

Алынған білім мен орнатылған кәсіби байланыс Қазақстанның биодозиметриялық мүмкіндігін одан әрі дамытуға, зертханалық тәсілдерді жетілдіруге, мамандар даярлауға және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталмақ. 
 

международное сотрудничество МАГАТЭ биодозиметрические исследования