26 мамыр 2026








2026 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильвен Гиог мырза бастаған француз делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында сондай-ақ Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаттың (CEA) энергетика мәселелері жөніндегі директоры Филипп Стор мырза және CEA өкілдері бар.
Кездесу барысында қос тарап Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Франция ұйымдары арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында қалыптасқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. IV буын реакторларының қауіпсіздігі мәселелерін зерттеуге бағытталған бірлескен SAIGA жобасын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығы, Қазақстанның зерттеу инфрақұрылымының даму деңгейі және екіжақты ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша кеңейту перспективалары жайлы айтылды. Тараптар ғылымды, жоғары технологияларды дамыту және заманауи ғылыми-технологиялық орталықтарды қалыптастыру мәселелерінде тәжірибе алмасудың маңыздылығына да тоқталып өтті.
Aнықтама: SAIGA жобасы 2019 жылы қол қойылған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады және ИГР зерттеу реакторы негізінде эксперименттік зерттеулер жүргізуге бағытталған. Бағдарлама перспективалық француз реакторының жылу бөлгіш жинағының жылу тасымалдағыш шығынымен байланысты авария жағдайындағы жай-күйін зерттеуге арналған.
26 мамыр 2026
26 мамыр 2026
25 мамыр 2026
22 мамыр 2026