Қазақстанның су қауіпсіздігіне қосатын үлесі: Ұлттық ядролық орталық МАГАТЭ-нің үйлестіру кеңесінде


28 қаңтар 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығында Вена қаласында (Австрия) өткізіліп жатқан климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған МАГАТЭ жобасы аясындағы 3-үйлестіру кеңесіне қатысады.

Қазақстандық сарапшылар су ресурстарын басқарудағы климаттық тәуекелдерді ескере отырып, ғылыми негізделген шешімдерді әзірлеуге бағытталған халықаралық сараптамалық алаң жұмысына қатысады.
МАГАТЭ жобасы жерүсті және жерасты суларын зерттеуге, су жинау бассейндері деңгейінде су сапасын бағалауға арналған. Трансшекаралық өзендер мен олардың бассейндеріне ерекше назар аударылады.

«Жерүсті сулары және су жинау бассейндері» бағыты шеңберінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы Шығыс Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның изотоптық құрамы және Ертіс трансшекаралық өзенінің су ортасы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесін ұсынды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының МАГАТЭ жобасына қатысуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, су ресурстарын мониторингілеудің озық әдістерін дамытуға және трансшекаралық су жүйелерін басқарудың орнықты тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етпек.

МАГАТЭ подземные воды поверхностные воды