25 желтоксан 2025



Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басқарылатын термоядролық синтез жөніндегі кеңесінің кезекті отырысына қатысты (International Fusion Research Council, IFRC IAEA).
Биылғы отырыс ITER халықаралық ұйымының алаңында өткізілді. Іс-шара барысында IFRC құрамына мүше елдердегі басқарылатын термоядролық синтез саласындағы қызметтің жай-күйі туралы баяндамалар ұсынылды, оның ішінде ұлттық бағдарламалардың іске асырылу барысы, эксперименттік базаның дамуы және негізгі ғылыми-техникалық жетістіктер қамтылды. Сондай-ақ соңғы бір жылдағы МАГАТЭ-нің басқарылатын термоядролық синтез саласындағы қызметінің қорытындысы мен жақын болашаққа арналған жоспарларды көрсететін баяндамалар тыңдалды.
Қатысушылар басқарылатын термоядролық синтез саласындағы зерттеулерді халықаралық тұрғыдан үйлестіру мәселесін, қазіргі ғылыми-технологиялық алшақтықты және саланың өзекті проблемалық аспектілерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша МАГАТЭ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жасалып, оның ішінде өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту, ақпарат алмасу және ұлттық әрі халықаралық жобаларды қолдау мәселелері қамтылды.
Ұлттық ядролық орталықтың IFRC IAEA жұмысына қатысуы Қазақстанның халықаралық термоядролық қоғамдастықтағы позициясын нығайтып, алдағы уақытта ұлттық зерттеулерді жаһандық ғылыми күн тәртібіне кіріктіруге ықпал етеді.
22 желтоксан 2025
17 желтоксан 2025
17 желтоксан 2025
15 желтоксан 2025