20 ақпан 2018
15 ақпанда Алматы қаласында «Конверсиялау нәтижесінде ИВГ.1М реакторының сипаттамаларын жақсарту. ССТА-ТБУ сынақтарының алдын ала нәтижелері» семинары өтті.
Семинарды Ресейдің «Ғылым және инновациялар» АҚ, «Луч» ҒӨБ, ҒЗКЭТИ және АҚШ-тың Argonne National Laboratory ғылыми орталықтарының қатысуымен ҚР ҰЯО РМК ұйымдастырды. Семинардың ресми ашылуы делегациялар басшыларының сөз сөйлеп, қатысушыларға жемісті тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық тілеуден басталды.
Семинардың ғылыми бағдарламасы қатысушылардың ССТА-ТБУ сынақтарының нәтижелері мен конверсиялаудан кейінгі ИВГ.1М реакторының эксперименттік мүмкіндіктері бойынша баяндамаларынан тұрады. ИВГ.1М реакторын жаңғыртудың ықтимал нұсқалары мен олардың сипаттамаларын арттыру мүмкіндіктері талқыланды.
Бұған қоса, өткізілген семинар шеңберінде ҚР ҰЯО реакторларын конверсиялаудың ағымдағы жобалары бойынша ресейлік және америкалық серіктестермен консультациялар өткізілді.
Жұмыс күнінің соңында кездесуге қатысушылар семинардың қорытынды хаттамасын дайындады.
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024