«Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» XI Халықаралық конференциясының қорытындысы


10 қазан 2025

2025 жылғы 9 қазан, Курчатов қ. XI Халықаралық конференция атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында жұмыс істейтін ғылыми және сарапшы қауымдастығы үшін маңызды оқиға болды. Үш күн бойы саланы дамыту бағыттары, қазіргі заманғы технологиярдың өзекті мәселелері мен халықаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Конференция бағдарламасына пленарлық отырыстар, секциялық жұмыстар мен стендтік баяндамалар енгізілді. Мұнда атом энергетикасын дамыту мен реактор технологияларының жаңа буындарынан бастап, радиоэкология, таратпау, сутегі және термоядролық энергетика мәселелеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптар қамтылды. 

«Қазіргі атом энергетикасы: технологиялар, қауіпсіздік, серіктестік» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы конференцияның маңызды бөлігі болды. Талқылауға атом электр станцияларын салу мен пайдалану бойынша мол тәжірибесі бар Қазақстан, Қытай, Жапония, АҚШ және Франция елдерінің сарапшылары қатысып, озық реакторлық технологияларды, шағын модульдік реакторлар мен тұйық отын циклі жүйесін дамытудағы тәжірибелері мен тәсілдерін бөлісті.

Соңғы отырыста конференция жұмысының қорытындысы шығарылып, ұсынылған баяндамалардың жоғары деңгейі мен кәсіби қауымдастықтың ғылыми пікірталасқа белсенді қатысқаны атап көрсетілді.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы туралы, сондай-ақ бірегей зерттеу инфрақұрылымы мен заманауи мүмкіндіктері көрсетілген кәсіпорынның негізгі объектілері мен алаңдарына техникалық тур ұйымдастыру туралы оң пікірлер айтылды. 

Қатысушылар жетекші мамандармен және зерттеушілермен білім және идея алмасу мүмкіндігі үшін ризашылықтарын білдіріп, бұл конференция бейбіт атом саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болғанын атап көрсетті.

Конференция Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамытуға және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық процестерге жауапты қатысушы ретіндегі рөлін тағы да растады. Талқылау негізінде алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды, бұл орнықты дамудың жаһандық мақсатына қол жеткізуге ықпал етпек.

XI МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ СИП STS2025