XI Халықаралық конференция аясында «Қазіргі атом энергетикасы: технологиялар, қауіпсіздік, серіктестік» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді


09 қазан 2025

Дөңгелек үстел жұмысына әлемнің жетекші атомдық және энергетикалық мемлекеттерінің, реактор технологияларын әзірлеуші және жеткізуші компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің, Қытай Атом энергиясы институтының, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының (Ресей), Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің, Айдахо ұлттық зертханасының (АҚШ) және Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатының басшылары атом энергетикасын дамыту бойынша стратегиялық көзқарасын, ядролық отын циклін тұйықтау саласындағы эволюциялық әзірлемелерін және жаңа ядролық энергетикалық технологиялар бойынша келешегі бар деген жобаларын ұсынды.

Отырыста бірқатар өзекті мәселе қаралып, атом энергетикасының төменкөміртекті даму стратегиясы мен жаһандық климат мақсаттарына қол жеткізудегі шешуші рөлі атап көрсетілді. Алдыңғы қатарлы реактор технологияларының қауіпсіздігіне, экологиялық тазалығы мен тиімділігіне, сондай-ақ инновацияларды жедел енгізу бағыттарына – жаңа буын реакторларын дамытуға, тұйық ядролық отын цикліне және шағын модульдік реакторлар технологияларына айрықша назар аударылды.

Қатысушылар үздік шешім енгізіп, саланы инновациялық тұрғыдан дамыту үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығы туралы баса айтты. Атом энергетикасын кешенді әрі тепе-тең дамыту үшін мемлекет, ғылым, бизнес және қоғам арасында тиімді өзара іс-қимыл қажет екендігі ерекше атап көрсетілді.

Дөңгелек үстел бірлескен жаңа бастамаларды әзірлеуге және кәсіби тұрғыдан пікір алмасуды жалғастыруға негіз болмақ. 

облучение международный круглый стол XI МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ СИП STS2025