09 қазан 2025
2025 жылғы 7 қазанда Курчатов қаласында «Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» XI Халықаралық конференциясы салтанатты түрде ашылды.
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік елшіліктердің дипломатиялық корпусының өкілдері конференцияға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Биыл конференция Қазақстан, Жапония, АҚШ, Франция, Ресей, Қытай, Норвегия, Польша, Венгрия, Беларусь, Нидерланды және тағы басқа елдерден келген 200-ден астам қатысушының – ғалымдардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосты. Олардың қатарында Қытай Атом энергиясы институты (CIAE), Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің (JAEA), ITER Organization (Франция), «Росатом» мемлекеттік корпорациясы (Ресей), NORSAR (Норвегия), т. б. сияқты шетелдік және халықаралық жетекші ғылыми ұйымдардың басшылары мен мамандары бар.
Пленарлық отырыс барысында қатысушылар атом энергетикасын дамытудың қазіргі беталысы, ядролық және радиациялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ халықаралық өзара іс-қимыл туралы баяндамаларын ұсынды
10 қазан 2025
09 қазан 2025
29 қыркүйек 2025
29 қыркүйек 2025