Екіжақты қатынастарды дамыту: ҚР ҰЯО РМК мен Жапония Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кездесуі


17 қыркүйек 2025

16 қыркүйекте МАГАТЭ-нің 69-шы Бас конференциясы аясында Жапония Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің делегациясымен кездесу өтті.

Ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, оның ішінде ядролық реакторлардың даму перспективалары, шапшаң нейтрондардағы перспективалы реактордың отынына реакторлық және реактордан тыс сынақтар жүргізу мүмкіндігінің техникалық негіздемесі жөніндегі жұмыс ахуалы, келесі EAGLE-4 келісімшартына қол қою жоспары мен перспективасы, сондай-ақ кадр даярлау мәселесі талқыланды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Жапон агенттігі ынтымақтастығының көп жылдық тарихы бар. Осы уақыт ішінде реакторлық зерттеулер, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мамандар даярлау саласында бірқатар бірлескен жоба іске асырылды. Мұндай жұмыс озық ғылыми зерттеулердің дамуына ықпал етіп қана қоймай, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан мен Жапония арасындағы серіктестікті нығайтады.

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту ғылыми зерттеулердің мүмкіндігін кеңейтуге ықпал ететініне және ядролық технологиялардың әлемдік дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.

международное сотрудничество Япония 69-ая сессия Генеральной конференции МАГАТЭ