АҚШ ЭМ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің бірлескен мәлімдемесі


16 қыркүйек 2025

2025 жылғы 16 қыркүйекте МАГАТЭ Бас конференциясының 
69-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Америка Құрама Штаттары Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (NNCA) бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

Мәлімдемеде:

  • пайдаланылған ядролық отынды қауіпсіз сақтау үшін әзірленіп, салынған Silo типтегі қоймада ИВГ.1М зерттеу реакторының жоғары байытылған пайдаланылған отынын ойдағыдай орналастыру туралы айтылады. ҚР ҰЯО РМК мен NNSA командасы ПЯО-ны түпкілікті кәдеге жарату жөніндегі шешімді әзірлеуіне дейін ол Silo-да сақталады; 
  • тараптардың жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі ортақ мақсаттарды қолдау бойынша бірлескен күш жігерді жалғастыру ниеті туралы айтылған.

МАГАТЭ Бас конференциясының алаңында осындай Бірлескен мәлімдемелерге қол қою бұрында, атап айтқанда 2016, 2019, 2020 және 2023 жылдары жүргізілген және ҚР мен АҚШ делегациясының екіжақты кездесулерін өткізу шеңберінде жақсы дәстүрге айналды.

международное сотрудничество 69-ая сессия Генеральной конференции МАГАТЭ NNSA