Ұлттық ядролық орталығы делегациясының Қытай атом энергетикасы институтына сапары


13 тамыз 2025

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК делегациясы Қытай атом энергетикасы институтына (CIAE, Бейжің) жұмыс сапарымен барды. Кездесу басталған сәттен-ақ екі ұйым арасында ашық және сындарлы диалог жүргізілгені байқалды.

Келіссөз барысында Қазақстанда екі АЭС салу үшін қытай технологиясына таңдау берілетіндіктен екіжақты ынтымақтастықтың айрықша маңызды екені атап көрсетілді. Бұл шешім бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер мен жобаларды тереңдетуге кең мүмкіндік береді.

Сапар бағдарламасында бірлескен ғылыми-техникалық семинар өткізу, сондай-ақ институт инфрақұрылымының объектілеріне техникалық тур ұйымдастыру жоспарланған, осылайша CIAE мүмкіндігімен және білімімен жан-жақты танысуға болады.

Тараптар атом энергетикасын дамытып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығару үшін өз тәжірибелері мен зерттеу базаларының бірегей мүмкіндігін біріктіруге дайын екендігін растады.

международное сотрудничество Китай Китайский институт атомной энергии