Аргонна ұлттық зертханасы өкілдерінің сапары


29 шілде 2025

2025 жылғы 21 және 24 шілде аралығында Аргонна ұлттық зертханасының (АҰЗ, АҚШ) өкілдері жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында болды, осы сапар шеңберінде бірқатар техникалық кездесулер мен келіссөздер өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы ИГР зерттеу реакторын конверсиялау үшін төмен байытылған (ТБУ) жоғары температуралы графит отынын әзірлеу және сынау жұмыстарын жоспарлау болды. Бұл отын ҚР ҰЯО РМК мамандары әзірлейтін технология бойынша дайындалады деп болжануда. Жұмыстар Аргонна ұлттық зертханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы арасындағы негіздемелік келісімшартқа сәйкес іске асырылатын конверсия жөніндегі бірлескен бағдарлама шеңберінде жүргізіледі.

Осы сапар серіктестік қатынастарды нығайту және ядролық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі одан арғы шараларды келісу үшін маңызды қадам болды. 

международное сотрудничество ИГР НОУ