Хиросима префектурасының делегациясы ҚР Ұлттық ядролық орталығында болып қайтты


18 шілде 2025

2025 жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Хиросима префектурасының губернаторы Хидэхико Юзакидың Абай облысына жұмыс сапары аясында келген делегацияны қабылдады.

ҚР ҰЯО бас директоры, академик Эрлан Батырбеков қонақтарды қарсы алып, 1945 жылғы қайғылы оқиғалардан кейін бүкіл әлемнің бейбітшілік символына айналған өңір өкілдерінің сапарының ерекше маңызы бар деп атап айтты. «Аумағында жүздеген ядролық сынақтар жүргізілген Қазақстан үшін Хиросима жолы – рух күшінің, қарусыздануға қадам басудың және ядролық қарусыз болашақ құрудың маңызды үлгісі»,- деді.

Жауап сөзінде Юзаки мырза жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және бейбіт ядролық технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесіне жоғары баға берді. Ол сондай-ақ Хиросима жаһандық бейбітшілік үшін  ұйымының (НОРе) қызметі туралы баяндап, оның гуманитарлық ынтымақтастық, тұрақты даму және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бастамалары туралы айтты.

Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигоныны тарихының экспозиция залымен танысты, сондай-ақ 1949 жылдың 29 тамызындағы алғашқы сынақ, әуе және жерүсті ядролық сынақтары өткізілген «Тәжірибе алаңы» полигонының сынақ алаңына барып қайтты.

международное сотрудничество Япония