24 маусым 2025
Курчатов, Қазақстан – 2025 жылдың 20 маусымы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) әлемнің 20-дан астам елінен келген жас дипломаттар мен мамандар – Біріккен ұлттар ұйымының қарусыздандыру саласындағы бағдарламасына қатысушылар үшін қабылдаушы алаңға айналды.
Бағдарлама Біріккен ұлттар ұйымының қарусыздандыру мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен 1978 жылдан бастап іске асырылып келеді және жаһандық қауіпсіздік, таратпау және ядролық қарусыздандыру саласындағы болашақ халықаралық мамандардың сараптамалық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Қазақстанға сапарды ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Қазақстан стипендиаттар делегациясын жетінші рет қабылдап отыр: бұған дейін таныстыру сапарлары 2013, 2015, 2017, 2019, 2022 және 2023 жылдары өткен болатын. Қазақстанның бағдарлама бағытына тұрақты қосылуы еліміздің ядролық қарусыздандыру және жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне қосқан үлесін халықаралық деңгейде мойындау болып саналады.
Курчатов қаласында болған кезде делегаттар бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына барып, өңірдің ядролық мұрасының тарихымен, зертханалық және эксперименттік алаңдарды қоса ҚР ҰЯО бірегей ғылыми және инженерлік инфрақұрылымымен, сондай-ақ радиациялық, ядролық қауіпсіздік және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы заманауи жобалармен танысты.
Сапар бағдарламасына ҚР ҰЯО ғалымдарымен кездесу, ядролық сынақтардың тарихы мен салдарын, Қазақстанның қарусыздандыру және таратпау саласындағы халықаралық бастамаларын талқылау кірді.
20 маусым 2025
19 маусым 2025
17 маусым 2025
16 маусым 2025