05 маусым 2025
2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) делегациясы әлемдегі ең ірі термоядролық синтез жобасын іске асырумен айналысатын халықаралық ИТЭР (ITER) ұйымына барды. ИТЭР – эксперименттік термоядролық реактор салу жөніндегі ең ірі халықаралық жоба. Оның міндеті – Күн қойнауындағы жағдайға ұқсас басқарылатын термоядролық реакция арқылы энергия алу мүмкіндігін көрсету және болашақ энергетикалық қондырғыларға арналған технологияларды дайындау.
Сапар барысында ҚР ҰЯО мен ИТЭР ұйымы арасында ИТЭР жобасын қолдау мақсатында термоядролық синтез зерттеулері мен технологиялары саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылды.
Бұл келісім ИТЭР ұйымы мен ҚР ҰЯО арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болады.
2017 жылы ИТЭР ұйымы қол қойған алғашқы Ынтымақтастық келісімі шеңберінде ҚР ҰЯО үш ғылыми-зерттеу жобасын сәтті іске асырды. Тағы бірнеше жоба талқылау сатысында.
Сапар барысында екі ұйым мамандары кездесіп, оның шеңберінде ИТЭР-дағы жұмыстардың қазіргі деңгейі туралы, сондай-ақ ҚР ҰЯО-дағы басқарылатын термоядролық синтез бойынша зерттеулер туралы баяндамалар ұсынылды. Ынтымақтастықтың келешек бағыттары, оның ішінде бірінші қабырға материалдарын зерттеу, плазмадағы процестерді модельдеу, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың ИТЭР бірлескен жобаларына қатысуы талқыланды.
Бұл сапар тараптардың ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды нығайту бойынша өзара қызығушылығын растады.
05 маусым 2025
05 маусым 2025
30 мамыр 2025
29 мамыр 2025