26 мамыр 2025
ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ XXIV конференция-конкурсы өз мәресіне жетті.
Қатысушылар үш күн бойы өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесін көрсетіп, саланың өзекті міндеттері мен алдағы ғылыми жобалардың перспективасын талқылады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталды:
I орын – Жанболатов Олжас Мұратбекұлы, АЭИ филиалының сәулелендіру қондырғыларының жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері, «ИГР реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау мүмкіндігін есептік негіздеу» жұмысы үшін;
II орын – Бачурина Ирина Анатольевна, РҚЭИ филиалының бюджеттік бағдарламалар бөлімінің 1-санатты инженері, «Халық шаруашылығы айналымына беру жоспарланып отырған учаскелерде орналасқан бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағының жер ресурстары мен су объектілерін тұрақты басқару жөніндегі web-қосымшаны әзірлеу» жұмысы үшін;
Ашибаев Арыстан Шыңғысұлы, ЯФИ РМК атом энергиясының қауіпсіздік проблемалары зертханасының зертханашысы, «ВВР-К реакторында Mo-99 өндіруге арналған сәулелендіру капсуласының жылу-физикалық моделін әзірлеу және талдау» жұмысы үшін;
III орын – Ермакова Рината Геннадьевна, РҚЭИ филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің 2-санатты инженері, «ССП аумағының радиоактивті ластанған суларын табиғаты әртүрлі сорбенттермен сорбциялық тазарту» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;
Оспанова Жанна Нұрболатқызы, АЭИ филиалының Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық біліктілік орталығының перспективалық материалдар зертханасының инженері, «Аl-мен легирленген Mg негізіндегі сутегін сақтауға арналған материалдың құрылымдық-фазалық күйі» жұмысы үшін, қолбанбалы зерттеулер;
Тоқтарұлы Бақытжан, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС аға ғылыми қызметкері, «Сілтісіздендіру ерітіндісін оттегімен қанықтырудың уранды жерасты сілтісіздендіру тиімділігіне әсері» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер.
Сондай-ақ қосымша номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен көтермелеу сыйлықақысы берілді: «Үздік оратор», «Үздік безендірілген жұмыс», «Өзгеше жұмыс», «Белсенді қатысушы» және «Инновациялық жұмыс».
Барлық қатысушыға сертификат табыс етілді.
30 мамыр 2025
29 мамыр 2025
27 мамыр 2025
23 мамыр 2025