13 мамыр 2025



МАГАТЭ техникалық ынтымақтастығы ұлттық жобасы шеңберінде Ұлттық ядролық орталыққа ең жаңа жабдық – MetaSystems (Германия) компаниясының зияткерлік бағдарламалық жасақтамасы мен Carl Zeiss электрондық микроскопы негізіндегі автоматтандырылған цитогенетикалық платформа жеткізілді. Жабдық пайдалануға сәтті енгізілді.
Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін озық технологиялар мен заманауи цитогенетикалық әдістерді қолдану биодозиметриялық зерттеу тиімділігін арттырып, Қазақстанның радиациялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мұндай жабдықты пайдалану еліміздің халықаралық аренадағы радиациялық қорғаудың жоғары стандарттарын, радиациялық және ядролық оқыс оқиғаларға ден қоюға әзірлігін қамтамасыз етуге қабілетті сенімді және білікті әріптес ретіндегі позициясын нығайтады.
03 ақпан 2026
30 қаңтар 2026
28 қаңтар 2026
31 желтоксан 2025