ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының атаулы стипендиясы тағайындалды


29 желтоксан 2017

Жас ғалымдар мен мамандарға қолдау көрсету және белсенді ғылыми-өндірістік қызметке  ынталандыру мақсатында 2017 жылы алғаш рет ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының атаулы стипендиясы тағайындалды.

Атаулы стипендия туралы ережеге сәйкес ұсынылған жұмыстардың негізінде комиссия атаулы стипендияны алуға үміткерлерді іріктеу қорытындысы бойынша 2018 жыл бойы ай сайын жалақысына 30 000 теңге мөлшерінде үстеме ақы алатын кәсіпорынның 12 жас қызметкерін іріктеп алды.

Жеңімпаздар тізімі:

 

Радиациялық қауіпсіздік және экология институты:

1. СЕРЖАНОВА Зарина Бейсембайқызы – «ССП-ның радиациялық қауіпті объектілеріндегі топырақ-грунттарда тритийдің болу түрлерін зерттеу (әдістемені пысықтау және жетілдіру)»;

2. Сәтиев Дәулет Мұратұлы – «Тәжірибе алаңы» бойынша вертикал топырақ кескінінде гранулометриялық фракциялар арқылы жасанды радионуклидтердің таралуы»;

3. ТОҚТАҒАНОВ Тоғжан Шалқарұлы – «Изотопты гидрология әдісімен ССП-ның су объектілерін қалыптастыру механизмдерін зерттеу»;

4. ҚАЙЫРЖАНОВ Әмір Ерланұлы – «ССП бойынша 3D турларды әзірлеу».

 

Атом энергиясы институты:

5. ҚОЖАХМЕТОВ Ернат Әбілхайырұлы – «Термиялық және механикалық әсерлер нәтижесінде БН-350 реакторының пайдаланылған ЖБЖ қапшығы материалының құрылымы мен коррозиялық төзімділігінің өзгеруін зерттеу»;

6. САМАРХАНОВ Қуаныш Қанатұлы – «Иондаушы сәулеленумен қоздырылатын инертті газ қоспаларының спектрлік-люминесценттік сипаттамаларын зерттеу»;

7. МҰХАМЕДОВ Нұржан Еролұлы – «Конструкциялық элементтері бар ядролық реактордың актив аймақ материалдары балқымасының өзара жылу әсері параметрлерін зерттеу»;

8. ГРЕЧАНИК Алексей Дмитриевич – «Ауыр апаттар кезінде сулы су реактор кориумының конструкциялық материалдармен жоғары температуралы өзара әрекеттесуі»;

9. ЦХЕ Валентин Константинович – «ИГР реакторын «импульс» режимінде іске қосуды жүзеге асыру үшін қажетті реактивтілік қорын есептеу әдістемесі»;

10. СҮЛЕЙМЕНОВ Нұрболат  Айдынұлы – ҚР ҰЯО реакторларындағы сынақтар кезінде апаттық жүктелу жағдайларында жылу бөлгіш жинақтардың жұмыс режимдерін таңдауды негіздеу»;

11. СОКОЛОВ Игорь Андреевич – «Вольфрамға үлдірлік жабындарды тозаңдату әдістемесін пысықтау»;

12. МИНИЯЗОВ Арман Жанарбекұлы – «Термиялық, плазмалық сәулелену және механикалық жүктеме нәтижесінде термоядролық реактордың плазмамен ұстасқан конструкциялық материалдарының физика-механикалық қасиеттерін зерттеу».

Жыл бойы жұмыстардың орындалу барысына аралық бақылау жүргізіліп, нәтижелері ғылыми-техникалық кеңес отырысында қаралатын болады.

 

стипендиаты