12 маусым 2023
Радиацияны қолдану жөніндегі «Rap-2023» халықаралық конференциясы иондаушы және иондаушы емес сәулеленуді және басқа да байланысты салаларды қолдану мәселелерімен айналысатын зерттеушілер мен мамандардың қатысуымен Грецияның теңізді зерттеу орталығы Анависсос қаласында өтті.
Конференцияда ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Sr-90-ның өсімдіктердің өзгергіштігіне әсерін зерделеу» атты баяндамасын ұсынды.
Сондай-ақ ҚР ҰЯО мамандары МАГАТЭ-нің «Ядролық талдамалық әдістерді пайдалана отырып, Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалау аймақтарын басқаруды жақсарту» жобасы бойынша кездесуге қатысып, онда жоғарыда аталған теңіздердің қазіргі экологиялық және радиациялық жай-күйін бағалаудың маңыздылығы мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда ядролық талдамалық әдістер теңіз экожүйелерінің қазіргі экологиялық жай-күйін талдауға ғана емес, сонымен қатар су балансын бағалауға, экологиялық және климаттық өзгерістерді одан әрі болжау үшін қажетті шөгінділердің төзілім жылдамдығын есептеуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024