02 мамыр 2023
2023 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті жаңа төмен байытылған уран (ТУО) отынымен жинақталған ИВГ.1М зерттеу реакторының паспортын бекітті.
Рұқсат құжаттамасын алудың алдында сонау 2010 жылы басталған, ойдағыдай орындалған жұмыстардың үлкен көлемі болды. Ұлттық ядролық орталықтың мамандары шетелдік серіктестермен бірге реактордың жаңа актив аймақпен жұмыс істеу мүмкіндігінің есептік-аналитикалық негіздемесін; эксперименттік отынды дайындау және сынауды; штаттық ТБУ-отынын дайындау, тасымалдау және кіру бақылауды; реакторды физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңдерін іске асыруды орындады.
Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторы жетекші халықаралық ұйымдар қызығушылық танытып отырған бейбіт атом саласындағы бюджеттік және коммерциялық бағдарламалар аясында эксперименттерді жалғастыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта жаңғыртуға дайын.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024