XVIII Халықаралық ғылыми конференцияның қорытындылары


21 сәуір 2023

 

Студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ломоносов – 2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ядролық орталығының маманы Дина Бияхметова «Қазақстандық популяциядағы тұрақсыз хромосомалық аберрациялардың фондық жиілігін зерттеу» атты баяндамасы үшін II дәрежелі диплом алды.

Конференцияға белсенді қатысқаны үшін «Қоршаған орта объектілерінде органикалық байланысқан тритийді анықтау әдісінің заманауи тұжырымдамалары» тақырыбындағы баяндамасы үшін Олеся Марченко және «Семей сынақ полигоны аумағының су объектілерінің түптік шөгінділеріндегі радионуклидтік ластанудың тік таралуын зерттеу» тақырыбындағы баяндамасы үшін Рината Ермакова грамоталармен марапатталды.

Құттықтаймыз! Алда талай жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!

поздравление ИРБЭ РГП НЯЦ РК дипломы и грамоты Ломоносов -2023 научная конференция