«Реакторлық технологиялар» оқыту курсы


02 Қараша 2017

                                                        «Реакторлық технологиялар» оқыту курсы

23 – 27 қазан аралығында ҚР ҰЯО РМК негізінде Жапонияның атом энергиясы агенттігі (JAEA) қызметкерлерінің қатысуымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Републикасының Ұлттық ядролық оталығы және Жапонияның атом энергиясы агенттігі (JAEA) арасындағы келісім аясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында персонал дайындау бойынша «Реакторлық технологиялар» оқыту курсы өткізілді.

  • курс осымен үшінші рет өткізілуде (2015 жылдан бастап). Оқуға ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының жас мамандары болып табылатын қызметкерлер қатысты, тағы да он шақты адам курстың үйлестірушілері мен оқытушылары ретінде тартылды. Үйлестірушілер мен оқытушылар қатарындағы мамандардың бір бөлігі бұған дейін Жапонияның атом энергиясы агенттігінде оқып келген болатын. Жапондық тараптан курсқа екі JAEA қызметкері – нұсқаушылар Акихиде Хидака мен Икуо Иока қатысты. Курстың тақырыбы зерттеу реакторларын қолданбалы мақсатта пайдалану, реакторлардың конструкциялық және отын материалдарын зерттеудің қазіргі заманғы әдістеріне және АЭС қауіпсіздігін бағалау мәселелеріне арналды.

Биылғы жылғы курстың айрықша ерекшелігі практикалық және зертханалық сабақтардың Атом энергиясы институтының қазіргі заманғы деңгейде жарақталған материалтану зертханаларында, компьютерлік сыныптарында жүргізілуі, сондай-ақ «Байкал-1» ЗРК және «Тәжірибе алаңына» техникалық турлардың ұйымдастырылуы болып табылды.

радионуклиды излучение Молодые учёные Обучение