11 қараша 2022
Battelle Energy Alliance LLC-мен (BEA, LLC) жасалған келісімшартқа, сондай-ақ жоғары байытылған уранды жою жолымен ядролық қауіп-қатерді азайту және ядролық материалдарды таратпау жөніндегі жаһандық бастамаға сәйкес жүргізілетін ИГР зерттеу реакторын конверсиялау жөніндегі жұмыстар шеңберінде биылғы жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында ҚР ҰЯО-да әзірленген ИГР реакторының сәулеленген уран-графит отынын сұйылту және иммобилизациялау технологиясын пысықтау бойынша толыққанды эксперименттер жүргізілді. Эксперименттерге BEA LLC (АҚШ) мамандары мен МАГАТЭ сарапшылары қатысты.
МАГАТЭ отынын иммобилизациялаудың және RRRFR бағдарламасының жарамдылық критерийлері бойынша технология матрица мен отын компоненттерінің ұсақ дисперстілігімен, матрицадағы отынның төмен концентрациясымен және матрица көлеміне уранның біркелкі таралуымен қол жеткізілетін технологиялық процестің кез келген кезеңінде уран-235-тің өндірілмеуін қамтамасыз етуі тиіс.
МАГАТЭ сарапшыларына матрицаны дайындау процестері және ҚР ҰЯО технологиясы бойынша дайындалған ИГР реакторының жаңа отынмен иммобилизацияланған бөшкенің диаметрлі қимасы көрсетілді. Зерттеу үшін үлгілер алынып, бөшкенің бүкіл көлемі арқылы уранның біркелкі таралуын көрсететін элементтік талдау жүргізілді. Толық ауқымды эксперименттер мен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері BEA LLC мамандарының, сол сияқты МАГАТЭ сарапшыларының жоғары бағасына ие болды.
Сонымен қатар ИВГ.1М зерттеу реакторы актив аймағының жоғары байытылған пайдаланылған отынын уақытша сақтауға орналастырудың ықтимал нұсқалары талқыланды.
ҚР ҰЯО мамандары мен BEA, LLC өкілдері кіретін сараптамалық топтың бағдарламалық құралдарын пайдалана отырып, қарастырылып отырған сақтау нұсқаларына бағалау жүргізілді, оның нәтижелері ИВГ.1М зерттеу реакторының жоғары байытылған актив аймағының пайдаланылған отынын сақтауды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдармен бірге есепте ұсынылатын болады.
Мамандар 2022 жылға арналған конверсиялау жобасы бойынша міндеттерді орындаудың аралық қорытындыларын шығарып, 2023 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Биылғы жылға жоспарланған барлық жұмыстардың ойдағыдай аяқталғаны атап өтілді.
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024