Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!


29 сәуір 2022

 

Құрметті әріптестер!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке бейбітшілік пен келісімнің, достық пен ынтымақтастықтың символы, мемлекетіміз Қазақстан Республикасының гүлденуінің кепілі болып табылады.

  • халқының бірлігі күні қарсаңында мен еңбек жағдайларына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадым, оған сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 24 күннен 30 күнге дейін ұзартылып, барлық жұмыскерлерге сауықтыруға арналған бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде жыл сайынғы біржолғы жәрдемақы төлеу тағайындалды, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша күнтізбелік 10 күн демалыс және экология бойынша ай сайынғы қосымша ақы экологиялық куәліктің бар-жоғына қарамастан барлық жұмыскерлерге берілетін болады.

Осылайша біз жұмыскерлеріміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз. Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың қаңтар айынан бастап кәсіпорынның табысты қызметінің арқасында жалақыны 21%-ға арттыруға мүмкіндік алдық. Біз қабылдаған барлық шаралар Ұлттық ядролық орталықтың одан әрі дамуына, бүкіл ұжымның еңбегінің табысты болуына қызмет ететініне сенімдімін.

Сіздерді мерекемен тағы да құттықтаймын! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол табыс және көктемгі көңіл-күй тілеймін!

Әр шаңырақ жылулық пен молшылыққа, бақыт пен берекеге кенеле берсін!

 

Бас директор    Эрлан Батырбеков

Курчатов поздравление ИРБЭ День единства народа Казахстана ИАЭ Байкал Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК ИГИ