ҚР ҰЯО делегациясының Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтына сапары


23 шілде 2021

 

23 шілдеде ҚР Ұлттық ядролық орталығы делегациясының
Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтына жұмыс сапары өтті.

Сапардың негізгі мақсаты тараптар іске асырып жатқан бағыттар бойынша жұмыстардың нәтижелерін талқылау болды. Бұл ауыр металдар мен радионуклидтерден суды тазарту бөлігінде Химия ғылымдары институтының «Супергумат» сорбентінің тиімділігі мен сорбциялық қабілетін зерттеу, ИГР реакторын жоғары байытылған отыннан төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстарын қолдау үшін уран-235 бойынша төмен байытылған уран-графит отынын жасау мүмкіндігін зерттеу, сондай-ақ ИГР реакторының жоғары байытылған отынын кәдеге жарату болып табылады.

Аталған бағыттар ұйымдардың басшылары Эрлан Батырбеков пен Дәметкен Фишер қол қойған Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумда бекітілген.

Тараптар нәтижелі талқылаулар өткізіп, жобаларды іске асыру бойынша алдағы қадамдарды анықтады. Бірлескен жұмыстардың болашағы және алынған нәтижелердің жақсы сапасы туралы өзара пікір айтылды. Екіжақты байланыстарды қарқындату және ҚР ҰЯО негізінде бірлескен эксперименттік жұмыстар жүргізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

        

 

няц рк визит Институт химических наук им. А. Б. Бектурова Меморандум