Сұйылтылған ЖБУ-отынын тасымалдау


27 сәуір 2021

ҚР Ұлттық ядролық орталығында ИГР зерттеу реакторының отынын байытуды төмендету бойынша қорытынды кезең іске асырылды – биылғы жылғы 23 сәуірде сұйылтылған жаңа жоғары байытылған отын ИГР ЗРК-ге жеткізілді. Оны қайта өңдеу барысында отынды байыту қауіпсіз шектерге дейін төмендетілді.

«Айдахо Ұлттық зертханасының (АҚШ) қолдауымен конверсиялау бойынша тікелей белсенді қызметтен басқа біз зерттеу реакторларының алаңдарында орналасқан ЖБУ-отынымен жұмыс істеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз, – деп түсіндірді ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков. – ИГР кешенінің қоймаларында сәулеленген, сол сияқты жаңа ЖБУ-отынының маңызды қоры қалыптасты. ИГР реакторының жоғары байытылған жаңа уран-графит отынын буып-түю және тасымалдау туралы шешім қабылданды. Алдымен отынды Ресей Федерациясына шығару көзделді, алайда бұл мәселе мұқият пысықталып, отын 2019 жылы оны байытуды төмендету мақсатында Үлбі металлургиялық зауытына жеткізілді. Бүгінгі таңда бұл отынды сұйылту жұмыстары аяқталды, отын ИГР зерттеу реакторы кешенінің аумағына жеткізіліп, сақтауға орналастырылды».

 

 

ИГР ВОУ Конверсия РГП НЯЦ РК УМЗ КИР ИГР