Эксперименттік оранжерея негізінде радионуклидтер миграциясын зерттеу


15 қаңтар 2021

ҚР Ұлттық ядролық орталығының эксперименттік оранжереясында «топырақ-өсімдік» жүйесінде цезий, стронций, америций және плутоний радионуклидтері миграциясының қарқындылығына әсер ететін процестерді сәйкестендіру мақсатында модельдік вегетациялық эксперименттер сериясы жүргізілді.

Нәтижесінде аталған элементтердің техногендік радионуклидтерінің салат (Lactuca sativa), бұрыш (Capsicum annuum) және қызанақ (Solanum lycopersium) дақылдары үшін жинақталу параметрлерінің мәндері алынды. Эксперименттік дақылдарға цезий мен стронцийдің жинақталу көрсеткіштеріне әсер ететін маңызды факторлар анықталды. Кн137 Cs және 90sr арасындағы сандық тәуелділікті және радиоактивті ластанудың типі мен сипаты бойынша өзгешеленетін Семей сынақ полигонының топырағы үшін радионуклидтер миграциясын айқындайтын белгіленген факторларды сипаттайтын регрессиялық модельдер әзірленді.

«Топырақ-өсімдік» жүйесінде радионуклидтердің миграциясына әртүрлі факторлардың әсері туралы жинақталған ақпарат аталған процеске әсер ету тәсілдерін анықтау үшін үлкен маңызға ие.

 

 

 

 

радиоэкология радионуклиды