ИГР реакторы ойдағыдай іске қосылды


27 қазан 2020

ҚР Ұлттық ядролық орталығында ИГР реакторы ойдағыдай іске қосылды. Реактордың актив аймағында толық жобалық энергия бөліну (5,2 ГДж) және оны 1000 °С-қа дейін қыздыру іске асырылды. Бұл реактордың технологиялық жүйелерінің жабдықтарын жаңарту және алдын алу бойынша 2018 жылдан бастап жүргізілген жұмыстардан кейінгі алғашқы толық ауқымды іске қосу, олардың қатарына нейтрондардың жаңа көзін, басқару және қорғау жүйесінің жабдықтарын, сондай-ақ эксперименттік контур сорғыларын сатып алу және орнату кірді, бұл ядролық және радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және реактордың эксперименттік арналарын сенімді салқындатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Іске қосу нәтижесінде алынған эксперименттік деректер ҚР Ұлттық ядролық орталығында әзірленетін және қолданылатын есептеу әдістемелері мен бағдарламаларын верификациялау үшін де, сондай-ақ шетелдік әріптестер алдындағы келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде реактордағы эксперименттерді іске асыру үшін де аса маңызды болып табылады.

ИГР