Мемлекеттік стандарт үлгі мәртебесі берілді


29 маусым 2020

Радионуклидтік талдау радиациялық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Алайда спектрометриялық жабдықты калибрлеу үшін де, сапаны бақылау мақсатында да пайдаланылатын стандарт үлгілер болмаса, зерттелетін материалдың радионуклидтік құрамын сапалы анықтау мүмкін емес.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы негізінде «Стандарт үлгілерді әзірлеу және аттестаттау учаскесін құру» коммерцияландыру жобасын іске асыру шеңберінде «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен радионуклидтік және элементтік құрамның стандарт үлгілері әзірленіп, жасап шығарылды. Аталған параметрлерді аттестаттау Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аккредиттелген зертханаларының қатысуымен өткізілді.

Бүгінгі таңда екі стандарт үлгі Қазақстан метрология институтында сараптамадан сәтті өткізілді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне енгізе отырып, оларға мемлекеттік стандарт үлгі мәртебесін беретін сертификаттар берілді.

радиоэкология