Үйлестіру тобы отырысының қорытындысы


27 қыркүйек 2019

2019 жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Курчатов қаласындағы (ШҚО) Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы «Бұрынғы Семей полигонының (ССП) аумағында орналасқан «Колба» контейнерлері мен арнайы технологиялық жабдық туралы» 1997 жылғы 28 наурыздағы келісімді іске асыру шеңберінде үкіметаралық Үйлестіру тобының кезекті отырысы өтті.

Ресей және Қазақстан тарапының мамандары ядролық қару сынақтарының салдарын жоюға қатысты мәселелерді реттеу мақсатында бұрынғы Семей сынақ полигоны объектілерінде орындалған іс-шаралардың тиімділігі мен басымдылығын атап өтіп, аталған Келісім бойынша бірлескен қызметтің қорытындыларын талқылады.

Үйлестіру тобының жұмысы шеңберінде АҚШ мамандарының қатысуымен жеке консультациялар өткізіліп, оның барысында ССП-да қол жеткізілген нәтижелер мен үшжақты ынтымақтастық перспективаларына баға берілді.

Барлық жұмыстар Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатынын ерекше атап өткен жөн.

 

Ядерные испытания СИП международное сотрудничество США заседание РГП НЯЦ РК Российская Федерация