Бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарға 25 жыл


20 желтоксан 2018

      Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қауіп-қатерлерді бірлесіп азайту бағдарламасы шеңберінде іске асырылған жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеу саласындағы бірлескен жұмыстарға биыл 25 жыл толды.

     Осы жылдар ішінде бұрынғы ССП-ны қауіпсіз күйге келтіру бойынша бірегей жұмыстардың ауқымды көлемі жүргізілді, нәтижесінде жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қаупі төмендетіліп, полигон аумағында орналасқан ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді болдырмау жүзеге асырылды.

      Жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қаупін төмендету бойынша жүргізілген және жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері ҚР Ұлттық ядролық орталығы делегациясының АҚШ-қа сапары кезінде өткен жиналыстарда және Невада полигонына техникалық турлар кезінде талқыланды.

       АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің штаб-пәтерінде агенттік директоры В. Оксфордтың, сондай-ақ АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің және АҚШ-тағы Қазақстан Республикасы Елшілігі жанындағы Қорғаныс атташесінің қатысуымен өткен жиналыста Қазақстанның жаһандық қауіп-қатерді төмендету және таратпау режимін нығайту бойынша пәрменді халықаралық ынтымақтастықтың оң үлгісін көрсеткені атап көрсетілді.  

     Осы сапар барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық орталығы мен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі арасындағы бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында қауіпсіз және ұзақ мерзімді қызметті қамтамасыз етуге арналған функциялар мен міндеттемелер туралы хаттамаға қол қойылды.

        

 

 

 

 

СИП международное сотрудничество юбилей няц рк США