20 қыркүйек 2018
Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Курчатов қаласында «Радиоактивті қалдықтарға арналған қауіпсіздік қағидалары мен стандарттары» атты ұлттық оқу курсын өткізді.
МАГАТЭ атынан сарапшылар ретінде DR ORMAI PETER – МАГАТЭ (Венгрия), DEGNAN PAUL JOSEPH – МАГАТЭ (Ұлыбритания), тәуелсіз сарапшы CATALYSTRA (Австралия) және ANDREY GUSKOV – МАГАТЭ (Ресей) қатысты.
Оқу курсын Геофизикалық зерттеулер институты халықаралық келісімшарт аясында ұйымдастырды. Бұл оқу курсына Ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері де қатысты.
Бес күндік курс шеңберінде Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды геологиялық көму жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асырудың мына сияқты: МАГАТЭ-нің қауіпсіздік стандарттары (радиоактивті қалдықтарды көму жөніндегі қағидаттар, талаптар және нұсқамалар), радиоактивті қалдықтарды көмудегі ұлттық саясат және стратегия, радиоактивті қалдықтарды басқару талаптарын белгілеу үшін ұлттық түгендеуді әзірлеу, қауіпсіздікті кешенді бағалау туралы есептің құрауышы мен құрылымы, геологиялық көму объектісін орналастыруға қолайлы алаң таңдау, радиоактивті қалдықтарды көму объектілерінің басты техникалық аспектілері, тағы басқа негізгі бағыттары қарастырылды. Оқу бағдарламасы МАГАТЭ-нің соңғы ұсынымдарының негізінде, Қазақстанның қажеттілік ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді.
Курсқа қатысушылар сарапшылармен бірлесіп Ұлыбритания, Венгрия, Жапония, Швеция, АҚШ, Канада, Финляндия, Бельгия және тағы сол сияқты геологиялық көму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы кері әсерді азайтуды қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысып жүрген елдерің үлгісінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі практикалық міндеттерді қарастырды.
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024