21 мамыр 2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас ғалымдарының ғылыми жұмыстарының конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Жыл өткен сайын конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарындағы марапатқа ізденуге қатысушылардың қызығушылықтары артып келеді.
16-18 мамыр аралығында конференцияға барлығы 43 қатысушы қатысты. Білікті әділ қазылар алқасының қарауына тек ҚР Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлері ғана емес, Ядролық физика институты, Геофизикалық зерттеулер институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің жас ғалымдары мен мамандары да өз жұмыстарын ұсынды.
Үш күндік конференция барысында қатысушылар өздерінің конкурстық жобаларын қорғап қана қоймай, ғылыми пікірталас жүргізудің жаңа дағдыларына ие болып, бір бірімен жинаған тәжірибелерімен бөлісті.
ҒЗТКЖ конференциясына жас ғалымдар мен мамандардың белсене қатысуына формализмсіз достық үлгі, сондай-ақ конкурстан тыс қызықты ойын-сауық бағдарламасы түрткі болды.
Биылғы жылы конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар алты қатысушының арасында бөліске салынды, жас ғалымдардың тағы төртеуі үздік ресімделген жұмыс, жұмыстың сонылығы, конкурсқа белсенді қатысқаны және үздік шешендік қабілеті үшін сыйлықтарға ие болды. Конференцияның қорытынды күні қосымша 15 номинация бойынша марапаттау конкурсқа қатысушылар үшін тамаша тосынсый болды.
Барлық қатысушылардың жұмысы «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жарияланатын болады.
ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVII конференция-конкурсының жеңімпаздары:
І орын
Кривицкий Павел Евгеньевич, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиэкологиялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері, «Сарыөзен» алаңындағы радиоактивті ластанған объектілерді оңалту әдіснамасын әзірлеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
II орын
1) Букина Ольга Сергеевна, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері, «ИГР реакторының ТБУ-отыны графитін рентгенқұрылымдық зерттеу» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық.
2) Жапашева Жанна Ерсінқызы ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері, «Сатылы сүзу әдісімен ССП-ның беткі суларындағы техногенді радионуклидтердің формаларын анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
III орын
1) Самарханов Қуаныш Қанатұлы, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің ішкіарналық сынақтар зертханасының инженері, «Ядролық реакциялар энергиясының оптикалық сәулелену энергиясына түрленуін зерттеу» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер.
2) Гречаник Алексей Дмитриевич, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «BWR-дегі ауыр авария кезінде актив аймақ балқымасының ішкі корпус материалдарымен өзара әрекеттесуін эксперименттік моделдеу нәтижелері» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
3) Жағыпарова Ләйлә Қалыққызы, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реакторлық қондырғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің реактор отынын сынау зертханасының 2-санатты инженері, «Эксперименттік құрылғының нейтрондық-физикалық сипаттамаларын есептік зерттеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024