Ғылым және өндіріс: ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом саласы кәсіпорындарымен ынтымақтастықты кеңейтуде


16 қазан 2026

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ғұмар Серғазин «Жалпақ» уран кенішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Ұлттық ядролық орталық үшін осындай салалық іс-шараларға қатысу ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Уран саласын дамыту жаңа өндірістік қуаттарды іске қосуды ғана емес, ғылыми-техникалық қолдауды қамтамасыз етуді, технологияларды жетілдіруді, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздік мәселелеріне тұрақты назар аударуды талап етеді.

Ұлттық ядролық орталықтың атом саласындағы өзекті міндеттерді орындауға қажет ғылыми құзыреттері мен зерттеу базасы бар, сондықтан кеніштерде радиациялық және экологиялық мониторинг жүргізуге, персоналдың қауіпсіздігін бағалауға, сондай-ақ уран өндіру кезінде технологиялық процестерді бақылау үшін геофизикалық әдістерді қолдануға қатыса алады.

Жаңадан ашылған «Жалпақ» кеніші «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымына кіретін «Орталық» өндіруші кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдаланылуына берілді. Бірінші іске қосу кешенінің жылдық өндірістік қуаты 500 тонна уранды құрайды. Алдағы уақытта жерүсті өңдеу кешенінің қуатын жылына 900 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

РГП НЯЦ РК рудник «Жалпақ»