МАГАТЭ-нің Уран мұрасы объектілері жөніндегі үйлестіру тобының жыл сайынғы техникалық кеңесіне қатысу


17 шілде 2026

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2026 жылғы 13-17 шілде аралығында Ақтау қаласында өткен МАГАТЭ-нің Уран мұрасы объектілері жөніндегі үйлестіру тобының (CGULS – Coordination Group for Uranium Legacy Sites) жыл сайынғы техникалық кеңесіне қатысты.

Іс-шараға Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) жетекші сарапшылары, Еуропалық комиссияның, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің мамандары қатысып, уран мұрасы объектілерін қауіпсіз рекультивациялау және оларды ұзақ мерзімді мониторингілеу мәселелерін талқылады.

Кеңес бағдарламасы пленарлық отырыстар мен өңірдегі нысандарға техникалық сапарларды қамтыды. Қатысушылар уран мұрасы объектілерінің рекультивациясы жүргізіліп жатқан ең ірі нысандардың бірі – «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына, химиялық-гидрометаллургиялық зауытқа (ХГМЗ), сондай-ақ пайдаланудан шығару кезеңінде тұрған әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік шапшаң нейтронды БН-350 реакторлық қондырғысына барды.

Бұл кеңес Орталық Азия елдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жоғары маңыздылығын тағы да растады. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар экологиялық мониторинг технологияларын дамыту және өңірдегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ресурстарды тарту бағыттарын қоса алғанда, өзара іс-қимылдың алдағы басым бағыттарын айқындады.

МАГАТЭ-нің Уран мұрасы объектілері жөніндегі үйлестіру тобының (CGULS) келесі жыл сайынғы техникалық кеңесі 2027 жылғы шілде айында Қырғыз Республикасында өтеді.
 

экологическая безопасность радиационная безопасность