Жас ғалымдар мен мамандардың ҒЗТКЖ XXV конференция-конкурсының қорытындысы


22 мамыр 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының (ҒЗТКЖ) конференция-конкурсы сәтті өтті. 20-22 мамыр аралығында өткен үш күндік іс-шара Қазақстанның атом саласындағы дарынды жастарын біріктірді.

Биылғы конкурс болашағы зор идеялардың ашық кәсіби диалог барысында туындайтынын тағы да дәлелдеді. Атом саласының (Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шәкәрім Университет, Томск политехникалық университеті) жас қызметкерлері ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін әріптестеріне және сарапшы қазылар алқасына ұсынды.  

Реакторлық технологиялар, радиациялық қауіпсіздік, цифрлық шешімдер және ғылымның басқа да өзекті бағыттары бойынша заманауи зерттеулер мен практикалық әзірлемелер қтысушылардың басты назарында болды. Жас мамандардың көптеген жобасын бүгіннің өзіндепрактикада қолдануға болады.

Әр буын ғалымдары арасындағы сараптамалық талқылаулар мен тәжірибе алмасу конкурсқа ерекше серпін берді.

Конференция білім алмасу, өзекті ғылыми-техникалық міндеттерді талқылау үшін және атом саласының кадр әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа кәсіби байланыстарды қалыптастырудың тиімді алаңы болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қатысушылар мен сарапшыларға жемісті жұмысы, жоғары деңгейдегі жобалары мен бірлескен бастамалары үшін алғысын білдіреді.

Конкурс жеңімпаздары: 

I орын –  Исағали Әсем Айдарқызы, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері.

II орын –  Оспанова Жанна Нұрболатқызы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының кіші ғылыми қызметкері;
Надеева Анастасия Михайловна, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының инженері.

III орын –  Әшібаев Арыстан Шыңғысұлы, ЯФИ РМК инженері;
Өтешева Айнамгүл Алтайқызы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жоғары технологиялар институтының ғылыми қызметкері;
Секен Дархан Мұқаметтоқтарұлы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының инженері.
 

молодые ученые и специалисты Конференция-конкурс НИОКР-2026