Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!


30 сәуір 2026

Құрметті әріптестер! 

Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекеттік мерекесі баршамызға құтты болсын!

Бірлік – біздің басты байлығымыз, ал келісім – барлық жетістігіміздің негізі. Уақыт сынағынан сүрінбей өтіп, ортақ тарихпен бекіген және болашаққа ұмтылған ұлтымыздың айрықша қуаты – дәстүріміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сан алуандығында.  

Бүгінгі мереке күні сіздерге және туған-туыстарыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін. Әрбір шаңырақта бейбіт өмір мен өзара түсіністік орнап, Отанға деген сүйіспеншілігіміз бен халқымыздың бірлігі Қазақстанның игілігі жолындағы ең батыл бастамаларды жүзеге асыруға сеп болсын!

                                                                                                                   Эрлан Батырбеков, бас директор

поздравление