24 қазан 2025

Құрметті әріптестер!
Ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күні баршамызға құтты болсын!
Бүгін Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр – дәл осы құжат еліміздің тәуелсіздікке апарар тарихи жолының бастауы болды. Бұл күн Қазақстанның мемлекеттілігі – халқымыздың бірлігі, табандылығы мен жасампаз еңбегінің жемісі екенін еске салады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан саяси және экономикалық салаларда елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, диалог пен ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналды. Республика күні – осынау тарихи жолдың бейнесі, еліміздің өз болашағына деген сенімнің символы іспетті.
Әр шаңырақта татулық пен бақ-береке орнап, болашаққа деген сеніміміз Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы жаңа идеялар мен ортақ іске шабыттандыра берсін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
24 қазан 2025
16 қазан 2025
10 қазан 2025
09 қазан 2025