25 қараша 2022
Ұлттық ядролық орталықта Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Жапонияның Атом энергиясы агенттігі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында персонал даярлау жөніндегі келісім шеңберінде ұйымдастырылған «Реакторлық технологиялар» бағыты бойынша жыл сайынғы оқуыту курстары өткізілді.
Курстың үйлестірушілері, нұсқаушылары және дәріскерлері ретінде ҚР ҰЯО мамандары қатысты, олардың бір бөлігі бұған дейін Жапонияның Атом энергиясы агенттігінде нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу оқып келген, сондай-ақ Жапонияның Атом энергиясы агенттігінен шақыртылған доктор Хидео Харада дәріс оқыды. Курс аясында материалтану негіздері бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Харада мырза атап өткендей, барлық қатысушылар оқу барысында білім мен біліктіліктің жеткілікті деңгейін көрсетті, бұл кіріс және қорытынды тестілеу нәтижелерімен расталды. Дәстүр бойынша курстың соңғы күні барлық қатысушыларға «Реакторлық технологиялар» курсынан сәтті өткенін растайтын сертификаттар табыс етілді.
Анықтама.
Бұл курс – атом энергетикасын құруды жоспарлап отырған Азия елдері үшін жапондық дәріскер-нұсқаушылар даярлау бағдарламасының бір тармағы. Бағдарламаны 1996 жылы Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің қаржылық қолдауымен Атом саласы үшін кадрлар даярлау орталығы халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету, атом саласы үшін кадрлар даярлаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру және кадрлар даярлаудың дәйекті және орнықты жүйесін жасау мақсатында құрды. Аталған бағдарлама бойынша оқу курстары Токай қаласындағы Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің негізінде өткізіледі және «Реакторлық технологиялар», «Радиациялық мониторинг», «Ядролық және радиологиялық аварияларға әзірлік» тақырыптарын қамтиды.
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024