Ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді болдырмау


19 мамыр 2022

Ұлттық ядролық орталықтың 30 жылдығына – 30 жоба!  

№ 15 жоба. 2008–2022 жж. Ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді болдырмау.

«Семей сынақ полигонында ядролық таралу қаупін азайту» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстарға жасалған талдау бұрынғы ядролық полигонның көптеген объектілері таралу және терроризм қауіптерінің өлшемдері бойынша ешқашан, жоқ дегенде жуық арада мүлдем қауіпсіз бола алмайтындығын көрсетті. Демек бұл объектілер үшін жай ғана физикалық тосқауылдар жасау жеткіліксіз. Рұқсат етілмеген қызметтің ықтимал кері салдардын болдырмаумен қатар, рұқсат етілген қызметтің қатаң түрде белгілі бір шеңберде жүргізілуін талап ету қажет. Біріншіден, бұл ауданды оның аумағына рұқсат етілмеген кіру әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, ЯҚҚ объектілері орналасқан ауданда шаруашылық қызметін шектеу қажет.

ҚР ҰЯО объектілерін қорғауды қамтамасыз ету үшін күзетілетін объектілердің көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесін құру бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылданды. Қауіпсіздік жүйесі «Ақтамберді», «Дегелең» және «Тәжірибе алаңы» сынақ алаңдарында әзірленіп, құрылды.

Қауіпсіздік жүйесі 3 деңгейден тұрады:

1 деңгей (ескерту) – арнайы белгілер. Сынақ алаңдарының периметрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Тыйым салынған аймақ! Өтуге (көлікпен өтуге) тыйым салынады!» деген ескерту жазбалары бар арнайы белгілер орнатылған.

2 деңгей – кіруді болдырмайтын тосқауылдар. Тәртіп бұзушылар мен техниканы тоқтатуға арналған.

Тәртіп бұзушылардың күзетілетін объектілерге кіруіне кедергі келтіретін физикалық тосқауылдар:

  • арнайы белгілері бар қақпалар;
  • тікен сымнан жасалған қоршаулар;
  • үйінді орлар.

Барлық элементтер күзетілетін объектілердің айналасында орналасқан және күзетілетін объектілердің контурымен тұйық түйіседі.

3 деңгей – қашықтан анықтау жүйесі. Техникалық құралдар кешені болып табылады және төмендегілерді қамтиды:

  • анықтау жүйесі;
  • жағдайды бейнебақылау және бейнебағалау жүйесі;
  • радиобайланыс және деректерді беру жүйесі;
  • автономды электрмен жабдықтау жүйесі;
  • ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі;
  • объектілердің бүтіндігін бақылау жүйесі.

Барлық жүйелер автономды режимде және 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Деректерді басқару және жинау Жедел ден қою күштері базасында (оператор – Ұлттық ұлан) және Курчатов қаласында (оператор – ҚР ҰЯО РМК) ақпаратты жинау және өңдеудің негізгі пунктінде жүзеге асырылады. 3-деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі тіркейтін компоненттер саны 800-ден асады, оның ішінде 600-ден астам анықтау жүйесінің детекторлары, ондаған бейнекамера, әртүрлі тіркеушілер, сондай-ақ байланыс жүйелерінің және жабдықтың дербес қоректену жүйелерінің ондаған датчигі кіреді. Барлық тіркелген деректер серверлерде сақталады және оларды ұзақ уақыт өткеннен кейін де қосып қарауға болады, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың дәлелі ретінде пайдаланылады. Мысалы, құқық бұзушылардың күзетілетін объектілердің шекарасын кесіп өту, оларды ұстау және алып жүру барысы туралы видео. Жедел ден қою күштері базасының әкімшісі басқару жабдықтарынан, сигналдар транзитінен және радиобайланыстан деректерді алады. 3 деңгейлік қауіпсіздік жүйесінің сигналдарын мониторингілеу 24/7 режимінде жүргізіледі.

ҚР ҰЯО әкімшісі жағдайды талдау мен бақылауды, жабдықтарды басқаруды және оған техникалық қызмет көрсетуді, күзет күштерімен өзара іс-қимыл жүргізуді, объектілерге кіруді ресімдеу мен бақылауды жүзеге асырады.

Бұған қосымша ретінде штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда үйлестіру жұмыстарын жүргізу үшін ақпарат жинау мен өңдеудің резервтік пункті қарастырылған. Ол ҚР ҰЯО РМК бас кеңсесінде орналасқан.

Басқару, көрсету, сигналдарды қабылдау жабдықтары орнатылған. Интернет желісі бойынша конференц байланыс мүмкіндігі бар. «Ақтамберді», «Дегелең» және «Тәжірибе алаңы» сынақ алаңдарының үш деңгейлік қауіпсіздік жүйесін құру жұмыстары қауіпсіздік саласындағы нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізілді және күзетілетін объектілерді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыстарды орындау сынақ алаңдары аумағындағы жүйелерге қойылатын барлық талаптарға сай келетін объектілердің қауіпсіздік жүйелерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Аталған жобаны іске асыру объектілерді қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді ескере отырып қорғауды қамтамасыз етті, бұл кез келген рұқсат етілмеген кіру әрекетінің, сондай-ақ диверсиялық-террористік акцияларды қоса алғанда, кез келген басқа да араласулардың ертерек жолын кесуге мүмкіндік берді.

2018 жылы бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстардың 25 жылдығына орай Қазақстан аумағында да, АҚШ-та да бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар барысында бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы таратпау режиміне қолдау көрсету мақсатында ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу жұмыстарын әлі де жалғастырып жатқандығын атап көрсеткен жөн.  

 

 

 

 

 

 

 

радиоэкология СИП ИРБЭ "Опытное поле" РГП НЯЦ РК система мониторинга к 30-летию закрытия СИП Дегелен ОЯД "Актан-Берли" физические барьеры