18 мамыр 2022
Ұлттық ядролық орталықтың 30 жылдығына – 30 жоба!
№ 14 жоба. 2008-2021 жж. Семей сынақ полигонын кешенді экологиялық тексеру
2021 жылы Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы полигон аумағын кешенді экологиялық тексеру бойынша ауқымды жұмыстарды аяқтады.
Тексеру бағдарламасы полигондағы қоршаған орта объектілерінің радиациялық жай-күйі туралы деректер алу мақсатында 2008 жылы басталып, 2021 жылы аяқталды.
Аталған жобаны іске асыру қажеттілігі 1991 жылы полигон жабылғаннан кейін іле-шала басталған алғашқы зерттеулер барысында алынған және ядролық сынақтардың салдарын зерделеуге бағытталған деректердің шашыраңқылығына байланысты болды. Кейбір жағдайларда радиоактивті ластану деңгейі барлық нормаланған мәндерден асып кетсе, кейде радиациялық параметрлер фондық деңгейде қалды.
Полигонның алғашқы зерттеулері ядролық сынақтар өткізілген сынақ алаңдарына шоғырландырылды және бұл қисынды еді. Радиоактивтіліктің негізгі үлесі нақ соларға бағытталды, бірақ зерттеулер көрсеткендей, олардың шеткі аймақтарында радиоактивті ластану деңгейі күрт төмендеді. Бұл ретте алаңдардың аумағы – бұл полигонның жалпы ауданының 10%-ы ғана екенін, ол 18311,4 квадрат километрді құрайтынын ескеру қажет. Оның үстіне ядролық сынақтар жүргізілмеген аумақтардағы сынақ алаңдары арасындағы радиациялық жағдай туралы мәселе ашық қалды, ал бұл полигонның жалпы ауданының 90%-ға жуығы еді.
Семей сынақ полигонын кешенді экологиялық тексеру Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының ең ірі жобаларының бірі болды. Оны жүзеге асыру 13 жылға созылды. Полигонның барлық аумағы тексерілді, қоршаған ортаның 25 мыңнан астам сынамалары алынып, талданды.
Бірінші кезекте Семей сынақ полигонын экологиялық тексеру аумақты табиғи орта объектілеріндегі радионуклидтердің мөлшері аялық деңгейде болатын радиоактивті ластанған («лас») және шартты аялық аумақтарға бөлуі; екіншіден, қоршаған ортаның радиоактивті ластану ауқымын бағалауға мүмкіндік беруі тиіс болды.
Егер жобаның мәнісі туралы айтатын болсақ, ССП-ны кешенді экологиялық тексеру мыналарды қамтыды:
Егер полигон жерінің бір бөлігі шаруашылық айналымға берілген жағдайда, онда халықтың тұруы үшін полигонның радиациялық қауіптілігін бағалау жобаның анағұрлым маңызды нәтижелерінің бірі болды. Осылайша, ССП-ның бүкіл аумағының 80%-дан астамын алып жатқан алаңда халық үшін тиімді дозаның орташа жылдық мәні жылына 0,3 мЗв-дан аспайтыны анықталды. Мысалы, Қазақстан Республикасында халық үшін тиімді дозаның орташа жылдық мәні жылына 1 мЗв аспауы тиіс. Демек, Семей сынақ полигоны аумағының басым бөлігінде халықтың күтілетін сәулелену дозалары нормаланған шамалардан әлдеқайда төмен. Алайда аумақтың радиоактивті ластануы оқшау сипатта емес екенін, яғни радиоактивті учаскелер полигонның бір жерінде шоғырланбағанын, керісінше, олар полигон аумағы бойынша таралғанын, тиісінше шартты аялық учаскелер «лас» учаскелер арасында орналасуы мүмкін екенін ескерген жөн.
Жобаның маңыздылығы бойынша екінші нәтижесі полигонның ресми шекараларын қайта қарастыру және оларды өзекті күйге келтіру қажеттігін түсіну, яғни, ағымдағы сәттегі жағдай бойынша радиоактивті ластанған аумақтар мен шаруашылық айналымға әлеуетті түрде берілуі мүмкін аумақтар арасында шекара жүргізу болды, бұл ретте осы аумақтар арасында буферлік аймақты қамтамасыз ету қажет. Осылайша бағдарлама бұрынғы Семей сынақ полигонының қазіргі радиациялық жай-күйі туралы ең маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024