02 шілде 2021
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Тәжірибе алаңы» объектісін ҚР Ұлттық ұланының күшімен күзетуге беру рәсімін аяқтады. Объектіні тапсырудың тиісті актісіне 2021 жылғы 29 маусымда қол қойылды.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков:
- Бұл оқиғаны тарихи оқиға деп атауға болады. 2020 жылдың қазан айында «Тәжірибе алаңын» қауіпсіз күйге келтіру бойынша ҚР ҰЯО-ның ең ауқымды жобаларының бірін аяқтадық. АҚШ ұйымдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «Тәжірибе алаңының» кейбір объектілерінде қауіп толығымен жойылды, ал бірқатар объектілерде физикалық тосқауылдар мен қауіпсіздік жүйелерінің элементтері құрылды. Биылғы жылы ҚР Үкіметі «Тәжірибе алаңын» мемлекет күзететін объектілер тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады. Бүгін біз объектіні ҚР Ұлттық ұланының күзетіне ресми түрде тапсырдық. Осылайша қазіргі уақытта ядролық қызмет қалдықтары бар және «Тәжірибе алаңының» аумағында орналасқан барлық объектілер қауіпсіз күйге келтірілді, сенімді қорғалады және қауіп-қатер төндірмейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Тәжірибе алаңында» 116 әуе және жерүсті ядролық жарылыстары, соның ішінде 1949 жылғы 29 тамызда ядролық құрылғының алғашқы сынағы өткізілді. «Тәжірибе алаңында» оңалту жұмыстары жүргізілгенге дейін алдын ала 5 жыл бойы ҚР ҰЯО мамандары зерттеулер жүргізді: 2 миллионнан астам спектрометрлік өлшеу жүргізіліп, 5000-нан астам үлгі алынды және талданды, 1000-нан астам зерттеу ұңғымалары бұрғыланып, құрамында ядролық қызмет қалдықтары (ЯҚҚ) бар 50-ден астам объект анықталды. 2020 жылы «Тәжірибе алаңындағы» оңалту жұмыстары біржола аяқталды.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024