02 шілде 2026


2026 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Дебрецен қаласының (Мажарстан) HUN-REN Ядролық зерттеулер институтында МАГАТЭ-нің RER7017 «Өзгермелі климат жағдайында су ресурстарының сіңімділігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ұйымдастырылған «Тритийді талдау және оны гидрологиялық зерттеулерде қолдану» атты өңірлік оқу курсы өтіп жатыр.
Бұл курсқа Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қатысады. Оқу бағдарламасы изотоптық гидрологияның теориялық және практикалық аспектілеріне, жерасты суларын мерзімдеу әдістеріне, сондай-ақ тритийді талдаудың заманауи тәсілдеріне арналған.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының шығыс өңіріндегі атмосфералық жауын-шашынның, жерүсті және жерасты суларының изотоптық құрамын зерттеу нәтижелері ұсынылды.
Курс барысында алынған білім мен шыңдалған кәсіби біліктілік изотоптық гидрология саласындағы зерттеулерді одан әрі дамытуға, гидрологиялық процестер мен су объектілерін зерттеу кезінде тритийді изотоптық трассер ретінде қолдану аясын кеңейту үшін пайдаланылады.
25 маусым 2026
19 маусым 2026
16 маусым 2026
12 маусым 2026