03 шілде 2020
Құрметті әріптестер!
Мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қысқа ғана тарихи кезең ішінде ел ордасы саяси, экономикалық және мәдени өмірдің орталығына, серпінді дамып келе жатқан Қазақстанның символына, көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің достығы мен бірлігінің кепіліне айналды.
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан өсіп, өркендей берсін!
Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, таусылмас табыс, бейбіт өмір және әр отбасына амандық тілеймін!
Әріптестер!
Өкінішке орай эпидемиологиялық жағдай оңалмай тұр. COVID-19 жұқтыру жағдайлары ҚР ҰЯО РМК-ның басқа қызметкерлерінде де анықталды, сондықтан қазір барлық санитариялық-профилактикалық шараларды, әлеуметтік арақашықтық ережелерін сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды және қаладан тыс жерлерге шығуды мүмкіндігінше қысқарту өте маңызды.
Алда бізді ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, бұл мерекені отбасымен үйде өткізіңіздер!
Сақтанып жүріңіздер, жақындарыңызға қорған болыңыздар!
Бас директор Э.Ғ. Батырбеков
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024