Плазмалық-шоқ қондырғылы стендтегі зерттеулер


02 Сәуір 2020

Бүгінгі күні сутегі изотоптарының вольфраммен өзара әрекеттесуі бойынша көптеген деректер алынды. Бұл ретте бірқатар аспектілер аз зерттелген немесе мүлде зерттелмеген болып қалады.

Материалдардың тозаңдану, жылыстау және қайта шөгу жағдайында олардың бетінде әртүрлі үлдірлердің артуы байқалады. Сутегінің материалдармен өзара әрекеттесуіне бөгде жабындардың әсері фрагменттік зерделенген. Бұдан басқа көміртекті үлдірлерінің пайда болуы және карбидтік фазалық қосылыстардың болуы отын компоненттерін қармау, олардың жинақталуы, ұстап қалу және кері газ бөлу сияқты барлық рециклинг процестеріне айтарлықтай әсер етеді.

ҚР Ұлттық ядролық орталығындағы термоядролық реактор жағдайында материалдарды сынау зертханасында иондармен сәулелену кезінде вольфрам арқылы сутегі изотоптарының өткізгіштігіне көміртекті үлдірлердің және карбидтік фазалық қосылыстардың әсері зерттеледі.

Эксперименттер плазмалық-шоқ қондырғылы имитациялық стендте жүргізіледі. Маңызды міндет стендте коллекторлық торапты әзірлеу болып табылады. Аталған коллекторлық тораптың функционалдылығы – екі камераның вольфрам фольгасынан жасалған мембрана түріндегі зерттелетін үлгімен герметикалық бөлінгендігінде. Коллекторлық торапты құру идеясы дейтериймен қанықтыру камерасы мен масс-спектрометриялық талдауға арналған жоғары вакуумдық камераның мембрана арқылы жанасуынан тұрады.

 

термоядерный синтез