ҚР Ұлттық ядролық орталығының тұңғыш бас директоры Ғаділет Әндиянұлы Батырбековке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы


30 Қыркүйек 2019

27 қыркүйекте Курчатов қаласында көрнекті қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық ядролық орталығының тұңғыш бас директоры Ғаділет Әндиянұлы Батырбековке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында өтті.

Ғаділет Әндиянұлы Батырбеков біздің мемлекетіміздің тарихында ұмытылмас із қалдырды. Өз ісінің нағыз шебері бүкіл өмірін отандық ғылымды дамытуға, ядролық реакторлар физикасы мен атом энергетикасының өзекті мәселелерін шешуге арнады.

Ғаділет Әндиянұлының өміріндегі ерекше кезең оның Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі болды.

Тұңғыш бас директор 90-жылдардың басындағы ауыр саяси және экономикалық жағдайларда Семей сынақ полигонында бұрынғы КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін сақтап, ҚР ҰЯО-ның жұмысқа қабілетті құрылымын құра алды.

Осылайша, Қазақстанның салалық ғылыми кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуетін біріктіру нәтижесінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалды.

ҚР ҰЯО атом энергетикасы, радиациялық экология және әлемнің қолданыстағы полигондарындағы ядролық қару сынақтарын бақылау саласында көптеген елдермен ынтымақтастық орталығына айналды. Ғаділет Әндиянұлының басшылығымен алғашқы «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту» республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасы құрылды, Семей және басқа да ядролық полигондардың радиоэкологиялық жағдайын зерделеу, энергетикалық ядролық реакторлардың қауіпсіздігін зерттеу, әлем полигондарындағы ядролық қару сынақтарын бақылау бойынша сейсмикалық станциялар желісін қайта жабдықтау және дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп, құнды нәтижелер қол жеткізілді және басқа да көптеген жұмыстар атқарылды.

Мемориалдық тақта бұрын ҚР Ұлттық ядролық орталығының алғашқы кеңсесі орналасқан Тәуелсіздік көшесіндегі ғимараттың қасбетіне орнатылды.

 

 

РГП НЯЦ РК Открытие мемориальной доски Батырбеков Гадлет Андиянович